Оманда қалған Қазақстанның 314 азаматы Алматыға жетті

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
фото: shutterstock

SCAT әуе компаниясы Boeing 767 ұшағымен DV5361 рейсін Алматы – Масқат – Алматы бағыты бойынша рейс орындады. Бұл жөнінде Азаматтық авиация комитеті ақпарат таратты.

Рейс нәтижесінде елге 314 жолаушы оралды. Олардың арасында балалар да бар.

Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдар мен әуе компанияларының үйлестіруімен жалғасып жатыр.

Айта кетейік, Қазақстанның Дубайдағы консулдығы қызметкерлері бір топ азаматты Оман арқылы елге алып келе жатқанын жазғанбыз.

СІМ мәліметінше, Оман астанасында Алматы-Масқат-Алматы бағыты бойынша екі рейс жоспарланған. Консулдық қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктері мен Оман шекарасынан азаматтарды жылдам өткізуге көмектеседі.

Кейін Масқат арқылы Алматы қаласына 189 қазақ азаматынан тұратын екінші топ ұшып шығады. Осылайша, СІМ дерегінше, Қазақстанның Дубайдағы 467 азаматы елге оралады.

Әуе рейстерінен бөлек құрлықпен де эвакуация ұйымдастырылып жатыр. Атап айтқанда, Қазақстанның Тегеран, Ашхабад және Горгандағы мекемелері Иран-Түрікменстан шекарасындағы «Инчебурун» өткізу пункті арқылы 15 қазақ азаматының кедергісіз өтуіне көмектесті. Олар әрі қарай Ақтау қаласына жетті.

Сондай-ақ оқыңыз