Алматыда қаруланған топ тұрғын үйді тонап кеткен – видео

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Күдіктілер анықталды/коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Алматыда бірнеше адам жеке тұрғын үйге қарумен барып, 4 миллион теңгенің затын алып кеткен. Полицияның хабарлауынша, қылмыс мұқият жоспарланған, күдіктілер ізін жасырмақ болған.

«Қаскөйлер қарумен қорқытып, ақша мен алтын бұйымдарды иемденген. Келтірілген жалпы материалдық шығын шамамен 4 миллион теңгені құрады. Полиция қызметкерлері арнайы мақсаттағы жасақтың қатысуымен қылмысқа қатысы бар барлық тұлғаны анықтап, ұстады», – деп хабарлады ішкі істер министрлігі.

Ұрланған мүліктің бір бөлігі заңды иесіне қайтарылды, қалған бөлігі сараптама жүргізу үшін тәркіленді.

«Күдіктілердің іс-әрекеті толық тіркелді, заттай дәлелдемелер мен техникалар тәркіленді. Тергеу жалғасып жатыр. Ұсталғандардың өзге де ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі», – дейді криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Даулетияров.

Бұған дейін желіде арнайы орталықта ер адамның баланың қолын қайырған видеосы тарады. Алматы полициясы содан кейін түзеу орталығының қызметкерін қамады

Сондай-ақ оқыңыз