Қытайдың Үрімші қаласы маңында 5,2 балдық жер сілкінісі болды
Жарияланды

5 наурызда таңертең Астана уақытымен сағат 05:15-те Қытайдың Шыңжаң өңірінде жер сілкінді. Думпу ошағы Үрімші қаласынан 35-40 км жерде орналасқан.
Қазақ Ұлттық деректер орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 5,2 балл болды.
Дүмпу ошағынан қазақ-қытай шекарасына дейін 380 км, ал Алматы қаласына дейін шамамен 780 км бар.

Тянь-Шань тауларының шығыс сілемдерінде үнемі жер сілкініп жатады. Оның әсерін кейде Алматы секілді ірі қалалардың тұрғындары да сезеді.
2026 жылғы 19 ақпанда қазақ-қытай шекарасында қуаты 5,7 балдық жер сілкінісі болды. Ал 17 ақпанда Есік қаласына жақын маңдағы жерасты дүмпуін Алматы тұрғындары да сезді.