Миллиардер Шухрат Ибрагимов «Тобыл» футбол клубын сатып алды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: instagram

Қазақстан футболында маңызды өзгеріс болды. Елдегі белгілі кәсіпкерлердің бірі, Шухрат Ибрагимов ресми түрде Қостанайдың «Тобыл» клубының бас құрылтайшысы атанды.

Ресми мәліметке сәйкес, бұл шешім Қасым-Жомарт Тоқаевтің футболды коммерцияландыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес қабылданған. Қазіргі уақытта ERG директорлар кеңесінің төрағасы әрі бас атқарушы директоры қызметін атқарып жүрген Шухрат Ибрагимов енді «Тобылдың» жаңа бас құрылтайшысы болады.

Шухрат Ибрагимов – 2021 жылы өмірден өткен белгілі кәсіпкер, Әлижан Ибрагимовтің мұрагері. Әлижан Ибрагимов – Eurasian Resources Group компаниясының негізін қалаушылардың бірі.

Ибрагимовтер әулеті ұзақ жылдар бойы әлемдегі ең бай отбасылардың қатарында. Forbes Kazakhstan журналының 2024 жылғы деректеріне сәйкес, отбасының байлығы шамамен 1,5 млрд АҚШ долларына бағаланған.

Айта кетейік, Қостанайдың «Тобылы» өткен маусымда Қазақстан Премьер-Лигасы турнирін үшінші орынмен аяқтады. Сондай-ақ клуб Қазақстан Кубогын жеңіп алып, 2026 жылы ел Суперкубогын да иеленді.

Сондай-ақ оқыңыз