Гүл тарату және челлендж: 8 наурызда Астана мен Алматыда қандай іс-шаралар өтеді

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Астана мен Алматыда бірқатар іс-шара өтеді.
Елорда әкімдігінің хабарлауынша, мереке 5 наурыздан басталады. Сол күні Қошқарбаев көшесі, 29/1 мекенжайындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Келін ененің топырағынан» байқауы өтеді. Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында ұлттық сән үлгілерінің «Moda FEST» дефилесі ұйымдастырылады.
6 наурызда елордада сағат 11:00-ден 19:00-ге дейін түрлі концерт, әдеби-мәдени кештер, шеберлік сабақтары, спорттық жарыстар және онлайн жобалар жоспарланған.
Байқоңыр ауданында аналарға арналған «Шынайы алғыс – жүректен шыққан сый» концерті ұйымдастырылады.
Sintez ізденіс-эксперименттік театрының сахнасында «Арулар асыл жандар» поэзиялық кеші өтеді.
Сағат 15:00-де Өнер музейінде «Анаға тағзым – аруға құрмет» концерті ұйымдастырылады.
19:00-де «Наз» мемлекеттік би театрының сахнасында «Аяулы ана» концерті өтеді.
19:00-де Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония сахнасында «О чем поют мужчины» атты концерт ұйымдастырылады.
7 наурызда елорда тұрғындарына гүл тарату акциясы ұйымдастырылады.
Сағат 19:00-де «Жастар» театрының сахнасында «Жанарымдағы жалғыз әуен» атты театрландырылған концерттік бағдарлама ұсынылады.
18:00-де Әзербайжан Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театрында «Келіндер көтерілісі» спектаклі қойылады.
7 наурызда әлеуметтік желіде «Жанымда жүр жақсы адам…» атты виртуалды көрме жарияланады. Ал әлеуметтік желілерде «От мужчин. С уважением» челленджі басталады.
7-8 наурыз күндері Сарайшық ауданы аумағында тұрғындарға қызғалдақ тарату акциясы ұйымдастырылады.
8 наурызда Сарайшық ауданында аудан әкімінің қатысуымен Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтеді.
Алматыдағы шаралар
Алматыда да барлық ауданда мерекелік іс-шаралар – концерт, кездесу ұйымдастырылады.
Аудандар бойынша кесте мынадай:
Алмалы ауданында 5 наурыз сағат 15:00-де «Көктем құшағында» концерті басталады. Мекенжайы: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Гоголь көшесі, 114.
Әуезов ауданы 5 наурыз, 15:00 – «Көктем шуағы» концерті; Мекенжайы: Нархоз университеті, Жандосов көшесі, 55.
6 наурыз, 14:00 – «Асыл әже» ретро-концерті (Ардагерлер кеңесі және Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы). Мекенжайы: «Сарыарқа» сквері, 4-шағынаудан, Ескерткіштер аллеясы.
Түрксіб ауданы 5 наурыз, 11:00 – «Көктем құшағында» концерті; Мекенжайы: №6 Оқушылар үйі
Медеу ауданы 6 наурыз, 11:00 – «Әйелмен әлем әдемі» концерті және көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапаттау рәсімі. Мекенжайы: Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы, Қалдаяқов көшесі, 35
Бостандық ауданы 5 наурыз, 11:00 – мерекелік бағдарлама Мекенжайы: «Конкордия» театры.
Алатау ауданы 5 наурыз, 15:00 – мерекелік іс-шара. Мекенжайы: Инновациялық шығармашылық орталығы, Нұркент шағынауданы, 14а
Наурызбай ауданы 5 наурыз, 11:30 – «Бәрінен де сен сұлу» концерті. Мекенжайы: Инновациялық технологиялар орталығы, Шұғыла шағын ауданы.
Жетісу ауданы 7 наурыз, 12:00 – «Арулар — асыл жандар» концерті. Мекенжайы: Мәдениет үйі.
8 наурыз
Биыл Халықаралық әйелдер күні 2026 жылы 8 наурыз жексенбіге түсіп тұр. Еңбек заңнамасына сай, мереке күні демалысқа тұспа-тұс келсе, демалыс жұмыс күніне ауыстырылады. Осылайша, қосымша демалыс 9 наурыз, дүйсенбіге белгіленеді.
Сондықтан аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 7, 8 және 9 наурыз (сенбі, жексенбі, дүйсенбі) демалады.