FlyArystan әуе билеттеріне жеңілдік жариялады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Жеңілдік үш күнге жалғасады/фото: shutterstock

FlyArystan әуе билеттеріне 15% жеңілдік жариялады. Жеңілдік жарияланған билеттерді үш күн ішінде сатып алу қажет.

«Үш күн арнайы сатылым болады. Соның аясында барлық бағыт бойынша әуебилеттерге 15% жеңілдік беріледі. Қазақстан ішнде және халықаралық бағыттарда, соның ішінде Өзбекстан (Ташкент, Самарқанд), Қытай (Инин), Грузия (Кутаиси), Түркия (Алания) және Әзербайжанға (Баку) тиімді бағаға саяхаттаңыз», – деп хабарлады әуекомпания.

1 сәуір мен 31 мамыр аралығындағы билеттерге жеңілдік жарияланған. Билетті 5-7 наурыз аралығында сатып алуға болады.

Билеттерді FlyArystan ресми сайтынан немесе FlyArystan мобильді қолданбасынан сатып алуға болады.

Ескере кетер жайт, жеңілдікпен сатылатын билет саны шектеулі. Сондай-ақ 30 сәуір – 1 мамыр, 7-11 мамыр аралығындағы рейстерге жеңілік қарастырылмаған.

Айта кетейік, наурыздан бастап FlyArystan әуе бортына тегін алып кіруге болатын қолжүк салмағы 5 келіден 7 келіге артты

Сондай-ақ оқыңыз