Әзербайжан Иран елшісін шақырып, наразылық нотасын тапсырды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Әзербайжан СІМ
фото: Report.az

Иранның әскери дрондары Әзербайжан жеріне түскеннен кейін СІМ елдегі Иран елшісін шақырды. Оған наразылық нотасын тапсырды деп жазады Report.

«Болған оқиға үшін барлық жауапкершілік толықтай Иран Ислам Республикасына жүктеледі. Әзірбайжан Республикасының Қорғаныс министрлігі еліміздің аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғау, сондай-ақ бейбіт тұрғындар мен инфрақұрылым қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті жауап шараларын дайындауда. Бұл агрессия актілері жауапсыз қалмайды», – деп жазылған СІМ мәлімдемесінде.

СІМ дерегінше, Нахчыван қаласына Иран тарапынан екі ұшқышсыз аппараттан әуе соққысы жасалған. Дрондардың бірі әуежай терминалына, екіншісі Шекерабад ауылындағы мектеп ғимаратының жанына түскен. Салдарынан екі адам зардап шекті.

Баку Тегераннан қысқа мерзім ішінде жауап беруін және болашақта мұндай оқыс оқиға болмауын талап етеді.

Сондай-ақ оқыңыз