Көлікті көктемге қалай дайындау керек – мамандардан 7 маңызды кеңес

Қыс мезгілінен кейін көлікті толық тексеріп, ретке келтіру маңызды. Өйткені суық ауа райы, қар, мұз және жолға себілетін тұз автокөліктің көптеген бөлшектеріне әсер етеді. Chevrolet бренді көктемгі маусымға көлікті дайындауға арналған жүргізушілерге әмбебап нұсқаулық ұсынды. Бұл туралы Kursiv.Media autoreport.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Көктемгі маусымға арналған жеті қадамдық чек-парақ
Уақтылы дөңгелек ауыстыру
Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентіне сәйкес қысқы шиналарды 1 наурызға дейін пайдалану міндетті. Алайда жазғы шиналарға ауысу үшін ауа температурасы тұрақты түрде +7°C-тан жоғары болғаны дұрыс.
Шыны тазалағыштарды ауыстыру
Қыс – әйнек тазалағыш щеткалар үшін ең ауыр кезең. Мұз бен тұз резеңкенің құрылымын бұзып, әйнекте іздер қалдырады. Көктемгі жаңбыр кезінде жақсы көріну үшін мамандар щеткаларды дәл наурыз айында жаңартуды ұсынады.
Жүріс бөлігін тексеру
Қыстағы шұңқырлар мен реагенттер аспа жүйесіне үлкен салмақ түсіреді.Шаңқаптар мен амортизаторларды уақытында тексеру кейінгі қымбат жөндеудің алдын алады.
Шанақ пен салонға «кешенді тазалау» жасау
Автокөліктің астыңғы бөлігін мұқият жуу және салонды химиялық тазалау жиналып қалған тұздан арылуға көмектеседі. Ол коррозияның пайда болуына себеп болуы мүмкін.
Климат жүйесін тексеру
Салон сүзгісін ауыстырып, кондиционердің жұмысын тексеру алғашқы жылы күндері көлікте таза ауаның болуын қамтамасыз етеді.
Маусымдық сұйықтықтарды ауыстыру
Спирт негізіндегі қысқы әйнек жуғыш сұйықтықты жазғы құрамға ауыстыратын уақыт келді. Ол жол шаңын тиімдірек тазартады.
Дөңгелек қысымын бақылау
Күн жылынған сайын шиналардағы қысым да артады. Көліктің басқарылуын сақтау және резеңкенің тозуын азайту үшін қысымды міндетті түрде тексеріңіз.
«Біздің өңірде қыс мезгілі – үлкен сынақ. Сондықтан қысқы шиналарды пайдалануға ресми тыйым салынатын уақытты (ол жаз айларында күшіне енеді) күтпей, ең алдымен қауіпсіздікке назар аударған жөн. Қысқы шиналардың құрамы жылы ауа райына арналмаған: олар тым жұмсарып, жолда тұрақтылығын жоғалтады. Көктемді артық қауіп-қатерсіз қарсы алу үшін көлікті кешенді тексерістен өткізіп, шиналарды уақытында ауыстыру қажет», – дейді Chevrolet сервис орталығы департаментінің директоры.
Еске салайық, осыған дейін көліктің қозғалтқыш майын қалай таңдау керектігі жайлы жазған едік. Арнайы талаптар мен сапасы бойынша нұсқаулықты сілтемеге өтіп, материалдан толық таныса аласыз.