СІМ: Таяу Шығыс елдерінен 2 463 қазақстандық эвакуацияланды
Жарияланды

5 наурызда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан отандастарымызды эвакуациялау бойынша соңғы мәліметтерді жариялады.
«Бүгінгі таңда Таяу Шығыс елдерінің аумағынан Қазақстан Республикасының 2 463 азаматы эвакуацияланды», — деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін 3 наурыздан бастап Таяу Шығыстан елге 2 111 қазақстандықтың оралғаны хабарланған болатын.
Эвакуация қалай жүріп жатыр?
Отандастарымызды елге қайтару үшін бірнеше бағыт бойынша арнайы рейстер ұйымдастырылды:
- Атырауға Медина қаласынан (Сауд Арабиясы) қазақстандықтар тиелген чартерлік рейс ұшып келді.
- Жидда мен Дубай қалаларынан да азаматтар арнайы рейстермен жеткізілуде.
- Кеше ғана Маскаттан Алматыға репатриациялық рейспен 314 адам әкелінді.
- Бұдан бөлек, тағы 180 қазақстандық отанына оралды.
- Сондай-ақ Шарджадан Алматыға эвакуациялық рейспен 167 қазақстандық ұшып келді.
Министрлік азаматтарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жалғасып жатқанын алға тартты.