Елде қанша әйел білім беру саласында жұмыс істейді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қазақстанда педагогтердің 81,9% – әйел кісі/фото: shutterstock

Қазақстанда педагогтердің 81,9% – әйел кісі. Олардың жалпы саны – 492 938 адам.

Ішінде 101 789 әйел мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында;

342 352 әйел орта білім беру ұйымдарында;

2 382 әйел түзету-білім беру ұйымдарында;

13 239 әйел қосымша білім беру ұйымдарында;

29 117 әйел техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында;

4 059 әйел арнайы білім беру ұйымдарында жұмыс істейді.

8 наурыз

Биыл Халықаралық әйелдер күні 2026 жылы 8 наурыз жексенбіге түсіп тұр. Еңбек заңнамасына сай, мереке күні демалысқа тұспа-тұс келсе, демалыс жұмыс күніне ауыстырылады. Осылайша, қосымша демалыс 9 наурыз, дүйсенбіге белгіленеді.

Сондықтан аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 7, 8 және 9 наурыз (сенбі, жексенбі, дүйсенбі) демалады.  

Сондай-ақ оқыңыз