Әлиев Нахшыванға жасалған шабуылдан кейін қолдау көрсеткен Тоқаевқа алғыс айтты

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Әлиев Нахшыванға жасалған шабуылдан кейін қолдау көрсеткен Тоқаевқа алғыс айтты / Фото: Ақорда

Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев Иран тарапынан жасалған шабуылдан кейін қолдау көрсеткені үшін Қазақстанға алғыс білдірді.

Әлиевтің айтуынша, ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Нахшыванға жасалған шабуылдарды айыптағаны және Әзірбайжанға қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдіреді.

«Иран тарапынан Нахшыванға жасалған шабуылдарды айыптағаны және Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы бауырластық әрі одақтастық қатынастар рухында елімізге қолдау көрсеткені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысымды білдіремін», — деп жазды Әлиев өзінің X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Бұған дейін Әзербайжан СІМ Ираннан дипломатиялық персоналды шығаратынын жариялағаны хабарланған. Кеше Әзәрбайжан Қорғаныс министрлігі Нахшыван қаласына Иран тарапынан төрт дронмен шабуыл жасалғанын мәлімдеді. Президент Ильхам Әлиев болған оқиғаны террорлық акт деп атады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас әрі стратегиялық одақтас Әзербайжан еліне қарсы жасалған бұл әрекетті қатаң айыптайтынын жеткізді.  

Сондай-ақ оқыңыз