Лукашенко бала аз туылатынын айтып, өзбектерді көмекке шақырды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Беларуське келген азаматтардың балалары балабақша мен мектепке бару, білім алу мәселесінде жергілікті тұрғындармен тең құқыққа ие болады / фото: Neхta
Беларуське келген азаматтардың балалары балабақша мен мектепке бару, білім алу мәселесінде жергілікті тұрғындармен тең құқыққа ие болады / фото: Neхta

Беларусь президенті Александр Лукашенко өз еліндегі туу көрсеткішінің төмендігіне алаңдап, Өзбекстан азаматтарын жұмысқа шақырды.

Neхta ақпаратына қарағанда, Беларусь басшысы Өзбекстан елшісімен кездесуде өзбек еңбек мигранттарын қабылдауға дайын екенін айтты.

Оның сөзінше, елде халық санының өсу қарқыны Өзбекстандағыдай жоғары емес. Сондықтан Минск елде өмір сүріп, жұмыс істегісі келетін адамдарды қабылдауға әзір.

Лукашенко әсіресе отбасымен бірге келетін жұмысшыларды құптайтынын атап өтті. Оның айтуынша, Беларуське келген азаматтардың балалары балабақша мен мектепке бару, білім алу мәселесінде жергілікті тұрғындармен тең құқыққа ие болады.

Беларусь билігі соңғы жылдары елдегі кадр тапшылығын мигранттар есебінен шешуге тырысып келеді. Бұған дейін Лукашенко Пәкістаннан ондаған мың жұмысшы тарту жоспары туралы айтқан. Алайда іс жүзінде елге келгендердің саны аз болған.

Мұның алдында Лукашенко Қазақстанда өндіріс ашуды ұсынған еді.

Сондай-ақ оқыңыз