8 наурыздың қалдығы: бойжеткендер алған гүлдерін жаппай сата бастады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
коллаж: kursiv.media

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні аяқталған бойда Қазақстанның танымал хабарландыру сайттары мен әлеуметтік желілерінде ерекше сауда қыза түсті. OLX платформасында «жаңа ғана сыйланған», «балғын күйінде тұрған» гүл шоқтарын жаппай сату үрдісі байқалады.

Бұл үрдіс қазіргі қоғамдағы прагматизм мен экономикалық тиімділіктің жаңа көрінісі іспеттес.

Нарықтағы баға

Биылғы хабарландыруларға сүйенсек, гүлдердің бағасы дүкендегі құнынан айтарлықтай арзан. Мәселен:

51 ақ раушан: Дүкенде 40 000 – 50 000 теңге тұратын шоқ гүлдер OLX-та 15 000 теңгеге ұсынылған.

21 сары раушан: «Бүгін ғана алдым» деген сипаттамамен 10 000 теңгеге бағаланған. Қымбат кашпо мен себеттегі гүлдер: 55 000 – 80 000 теңгелік эксклюзивті композициялар 18 000 – 45 000 теңге аралығында сатылуда.

Қыздар гүлді неге сатады?

Kursiv Media гүлді сатылымға шығарған бір-екі қызбен байланысып көрді. Қыздардың айтуынша, «Гүл бәрібір солып қалады, одан да ақшасын пайдаға жаратқан дұрыс» деген ұстаным.

Енді бірі: гүл тым көп сыйланғанын алға тартып, үйге сыймайтын шоқтарды сатып жатқанын айтты.

Бұл жағдай 9 наурыз күні гүл алғысы келетін, бірақ бюджеті шектеулі ер азаматтар немесе фотосессия жасағысы келетін қыздар үшін тиімді мүмкіндікке айналды. «Екінші нарықтағы» гүлдердің сапасы дүкендегіден кем емес, ал бағасы 2-3 есе арзан.

Сондай-ақ оқыңыз