«Галатасарай» – «Ливерпуль»: Чемпиондар лигасының тікелей трансляциясы
Жарияланды

10 наурызда Ыстанбұл қаласында Чемпиондар Лигасының 1/8 финалының бірінші матчында Галатасарай Англияның Ливерпуль командасын қабылдайды.
Матчтың тікелей трансляциясын Қазақстан уақыты бойынша 22:45-те Qazsport арнасынан көруге болады.
Естеріңізге салсақ, «Ливерпуль» 1/8 финалға тікелей өтті, өйткені жалпы кезең қорытындысы бойынша үздік сегіз команданың қатарына енді. Ал «Галатасарайға» плей-офф кезеңінде ойнауға тура келді: 1/16 финалда италиялық Ювентус командасымен кездесті де екі матч қорытындысы бойынша 7:5 есебімен жеңіске жетті (қосымша уақытпен).
Айта кетейік, осы кезеңде «Галатасарай» және «Ливерпуль» бір-бірімен кездескен: жалпы кезеңнің екінші турында Түркия командасы өз алаңында сенсациялық түрде 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді.