Астанада дәрет сындырған шетелдіктерге елге келуге тыйым салынды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Фото: ЖИ

Астана қаласының орталығында дәрет сындырған шетелдікке бес жылға Қазақстанға келуге тыйым салынды.

Әлеуметтік желілерде бейне таралды. Онда шетел азаматының тапатал түсте Астанадағы Достық көшесі бойындағы бір мекеме маңында дәрет сындырып жатқаны көрінеді.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушылардың тұлғасын анықтады. Олар 35 және 49 жастағы екі шетел азаматы болып шықты. Оларды анықтағанға дейін олар Қазақстаннан кетіп қалған.

Дегенмен, кінәлі адамдарға қатысты полиция Қазақстанға бес жылға кіруге тыйым салу шешімін қабылдады.

Бұл факті бойынша ІІМ шетелдіктерге қатысты қажетті шаралар қабылдау үшін Сыртқы істер министрлігін хабардар етті.

Сондай-ақ оқыңыз