«Қайрат» – «Ақтөбе» ойынына билеттерді қайдан алуға болады

Freedom Ticketon билет сервисі «Қайрат» ФК мен «Ақтөбе» ФК арасы өтетін матчқа билет сатылымы басталғанын хабарлады.
2026 жылғы Қазақстан Премьер-Лигасының (ҚПЛ) екінші туры аясында «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбе» футбол клубын қабылдайды. Аталмыш кездесу 16 наурыз күні сағат 19:00-де Алматының Орталық стадионында өтеді. Билетті Freedom SuperApp және Qairat SuperApp мобильді қосымшасы арқылы сатып алуға болады.
Назар аударатын жайт: билет қайтарылмайды. Сатып алған кезде қолданушыға төлемді растайтын SMS және электронды хат жіберіледі, ал негізгі билет матч күні поштаға келеді. Сондай-ақ, сатып алғаннан кейін билет Freedom SuperApp қосымшасының «Менің билеттерім» бөлімінде көрініп тұрады, ал QR-код шара болатын күні ашылады.
«Біз билетті тек ресми сервис арқылы сатып алуға шақырамыз. Басқа сайттардан немесе үшінші тұлғалардан сатып алу қауіпті: мұндай билеттің түпнұсқалығына кепілдік жоқ. Бізге сенім білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамыз және сіздерді матчта күтеміз!» – делінген Freedom Ticketon хабарламасында.
Бір қолға екі билеттен артық сатылмайды
Билеттер сатылымы 11 наурыз күні сағат 15:00-де басталды. Билеттер құны 1500 теңгеден басталады. Бір қолға екі билеттен артық сатылмайды. Билетті рәсімдеу үшін әр адамның ЖСН-і, сондай-ақ бүкіл тапсырыс үшін бір электронды пошта мен телефон нөмірін көрсету қажет.
Ақтөбелік жанкүйерлердің секторы
«Қайрат» футбол клубының мәліметінше «Ақтөбе» жанкүйерлері билетті 24, 25, 26, 27, 28-секторлардан ғана сатып алуға тиіс. Басқа секторларға билет алған жағдайда, тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында стадионның қауіпсіздік қызметі мен әкімшілігі стадионнан шығарып жіберуге құқылы.
Еске сала кетейік, Қазақстан Премьер-Лигасының бірінші турында «Қайрат» Өскеменнің «Алтайын» 1:0 есебімен жеңді. Жалғыз голды 64-ші минутта португалиялық Жоржиньо соқты. Ал «Ақтөбе» қостанайлық «Тобыл командасын 4-1 есебімен тас талқанын шығарған еді.