Air Astana наурыз айының соңына дейін Дубайға ұшпайды
Жарияланды

Air Astana әуе компаниясы Дубайға билет сатып алу мен ұшуға салынған тыйым мерзімін ұзартты. Шектеулер Алматы және Астана қалаларына қатысты.
Таяу Шығыстағы шиеленісті жағдайға байланысты әуе компаниясы Алматы – Дубай және Астана – Дубай бағыттары бойынша тұрақты рейстерді орындамайды. Әскери іс-қимылдар басталғалы бері компания тыйымды қысқа мерзімге ұзартып келген болатын. Енді ұшулар 11 наурыздан бастап 31 наурызды қоса алғанда тоқтатылады.
Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына мынадай мүмкіндіктер ұсынылады:
- Билет құнын айыппұлсыз толық қайтарып алу;
- Басқа күндерге тегін қайта брондау (ұшу мерзімін 1 сәуір мен 31 мамыр аралығындағы рейстерге ауыстыруға болады).
Осыған дейін компания соғыс аймағында қалған қазақстандықтар үшін бірнеше репатриациялық рейстер ұйымдастырған болатын. СІМ мәліметінше, отандық және шетелдік әуе компанияларының көмегімен үйлеріне 7,3 мыңнан астам азамат оралды.