Британ сарапшылары 2026 жылдың ең үздік 10 кроссоверін атады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Тізімге Skoda, Nissan, Hyundai, Tesla және BMW модельдері кірді / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Беделді британдық Auto Express басылымы 2026 жылы сатып алуға болатын ең үздік кроссоверлердің рейтингін жариялады. Тізімге бюджеттік кроссоверлерден бастап премиум сегменттегі көліктерге дейінгі әртүрлі санаттағы модельдер енді.

Сарапшылардың айтуынша, бүгінде SUV сегменті өте алуан түрлі. Нарықта бензинмен, дизельмен жүретін, гибридті және толық электрлі кроссоверлер ұсынылған. Олар өлшемі, жабдықталуы және бағасы жағынан бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді.

Сонымен қатар әрбір көлік әуесқойының талғамы мен басымдығы әртүрлі, біріне кең салон маңызды болса, басқалары дизайнға немесе заманауи технологияларға мән береді. Сондықтан рейтингке әртүрлі сегменттегі көліктер енгізілген.

2026 жылдың ең үздік 10 кроссовері (Auto Express нұсқасы)

ОрынМодельҰлыбританиядағы бағасы
1Skoda Elroq£33,6 мың (≈ 22,3 млн теңге)
2Renault 4£23,4 мың (≈ 15,6 млн теңге)
3Nissan Qashqai£30,6 мың (≈ 20,4 млн теңге)
4Skoda Kodiaq£39 мың (≈ 26 млн теңге)
5Dacia Bigster£25,2 мың (≈ 16,8 млн теңге)
6Hyundai Santa Fe£49 мың (≈ 32,6 млн теңге)
7Dacia Duster£21,8 мың (≈ 14,5 млн теңге)
8Tesla Model Y£42 мың (≈ 27,9 млн теңге)
9Citroen C5 Aircross£34 мың (≈ 22,7 млн теңге)
10BMW X3£53,3 мың (≈ 35,5 млн теңге)

Қазақстандықтарға таныс модельдер

Тізімге енген кейбір автокөліктер Қазақстанда ресми түрде сатылып жатыр. Мысалы, 7 орындық Skoda Kodiaq дилерлерде 16,8 млн теңгеден басталады. Ал жаңа Nissan Qashqai бағасы 20,4 млн теңгеден, ал Hyundai Santa Fe кроссовері 21,2 млн теңгеден ұсынылады (уақытша акцияларды есептегенде 18,6 млн теңгеден сатылуда).

Неліктен SUV ең танымал санат болып қала береді

Британдық Auto Express басылымының түсіндіруінше, кроссоверлердің танымалдығы олардың әмбебаптығымен байланысты. Мұндай көліктердің жолдан биік клиренсі бар, салоны кең әрі жүк салатын бөлігі ыңғайлы және көлемді.

Сонымен қатар қазіргі заманғы SUV модельдері басқарылуы мен жанармай үнемділігі жағынан седан мен хэтчбектерден кем түспейді. Сондықтан мұндай көліктер көптеген жүргізушілер үшін жайлы, қолайлы әрі заманауи технологиялары бар тиімді таңдау болып отыр.

Айта кетейік, осыған дейін шағым аз айтылатын қытайлық кроссоверлер жайлы жазған едік. Сарапшылар мыңдаған көлік иелерінің шағымдарын талдап, сапа индексін қалыптастырған. Нәтижесінде SUV сегментіндегі орташа сенімділік деңгейі (24,8 балл) седандар мен минивэндерге қарағанда жоғары болғаны анықталды. 

Сондай-ақ оқыңыз