15 наурызда Астанада жолаушылар автобуста тегін жүреді

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
автобус
Фото: kursiv.media Офелия Жақаева

15 наурызда Астанадағы автобустарда тегін жүруге болады. Референдумға байланысты осындай бастама қолға алынып отыр.

Қала әкімдігінің хабарынша, қалааралық және қала маңындағы маршруттардың барлығы тегін болады.

Осындай жағдай Алматыда да болады. Яғни қала тұрғындары және қонақтар бір күн автобус, троллейбус және Алматы метрополитені қызметін ақысыз пайдалана алады.

Еске салайық, 15 наурызда елде жаңа Конституция жобасына қатысты референдум өтеді. Референдумда «Жобасы БАҚ-та 2026 жылдың 12 ақпанында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба» деген сұрақ қойылады.

Дауыс беретін сайлау учаскесін мына жерден білуге болады.

Сондай-ақ оқыңыз