Сәкен Майғазиев сүйікті әншілерін атады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Сәкен Майғазиев / фото: Instagram
Сәкен Майғазиев / фото: Instagram

Сәкен Майғазиев жас әншілердің ішінде кімдерге жанкүйер болғанын айтты. Олардың ішінде Сұлтан Ахмет, Айзат Қарабек те бар.

Әнші бес жас әншінің өнерін қатты бағалайтынын жасырмады.

«Қазақстан дауысынан» бастап осы балаға (Сұлтан Ахметке – ред.) жанкүйер болғанмын. Әлі де жанкүйерімін.  Біз сияқты жеке концерт беруді нәсіп етсін!» – деп батасын берді.

Сұлтан Ахмет ағасының берген батасына қол жайды. Алғысын айтып, риза кейіппен Сәкен Майғазиевтің қолын алды.

«Ең жақсы көретін әншілерімнің бірі», – деп, Айзат Қарабектің фотосын көрсетті.

«Айзат Қарабек, алтыным-ау! Дауысы қандай, мінезі қандай! Өте ризамын», – деп тамсанды Сәкен Майғазиев.

Үшінші әнші – Ербол Тәжібаев. Оны канадалық әнші Майкл Бублеге теңеді. Сонымен қатар, ол дарынды әншілердің ішінен Салтанат Мырзабекова мен Дидар Әбдіхалықтың де есімінен ерекшелеп көрсетті.

Мұның алдында Сәкен Майғазиев Таяу Шығыстағы отандастарымызға алаңдаушылық білдірген еді.

Сондай-ақ оқыңыз