Щучинскідегі дәмханада болған жарылыс себебі қашан белгілі болады

Щучинскідегі дәмханада болған жарылыстың себебі қашан анықталады. Бұл сұраққа бүгін төтенше жағдай вице-министрі Кеген Тұрсынбаев жауап берді.
«Щучинскідегі Палау орталығында газ баллоны жарылып, өкінішке орай, 11 адам қайтыс болды. Қазір премьер-министр тапсырмасымен арнайы комиссия құрылған. Оны төтенше жағдай вице-министрі басқарады. Іс қозғалған. Енді бірнеше сараптамадан өтуі тиіс. Ол үш ай мен жарты жыл аралығында уақыт алады. Соның жауабын күту керек», – деді вице-министр.
Еске салайық, 26 ақпаннан 27 ақпанға қараған түні Щучинскідегі дәмхананың бірінде газ баллоны жарылып, өрт шықты. Салдарынан тоғыз адам қайтыс болды, 13 адам жарақат алды.
Жарылыс болған дәмхана иесі қамауға алынды. Болған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
Қайтыс болғандардың отбасына 2 млн теңгеден, ал зардап шеккендерге 1 млн теңгеден берілетін болды.
Осыдан кейін премьер-министр Олжас Бектенов газ қызметтерін бақылауды күшейтуді тапсырды.