Jetour бірнеше моделінің бағасын түсірді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Jetour Dashing моделінің бастапқы бағасы енді 8 990 000 теңгеден басталады / фото: Китайские автомобили
Jetour Dashing моделінің бастапқы бағасы енді 8 990 000 теңгеден басталады / фото: Китайские автомобили

Қытайлық Jetour бренді Қазақстан нарығында бірнеше автокөлігінің бағасын арзандатты.

Олардың ішінде Jetour Dashing, Jetour X90 Plus, Jetour X70 Plus үлгілері бар.

Қазіргі бағасы

Jetour Dashing моделінің бастапқы бағасы енді 8 990 000 теңгеден басталады.

Отбасылық аудиторияға арналған, жеті орындық Jetour X70 Plus кроссоверінің бағасы 10 990 000 теңгеден басталады.

Ал Jetour X90 Plus моделі қазір 11 490 000 теңгеден қолжетімді.

Толық ақпаратты, қолжетімді комплектацияларды және тест-драйвқа жазылу мүмкіндігін Қазақстандағы Jetour ресми дилерлік орталықтарынан білуге болады.

Үш көлік несімен ерекшелінеді

Jetour Dashing, Jetour X70 Plus және Jetour X90 Plus – бір брендтің кроссоверлері болғанымен, олардың көлемі, аудиториясы және ішкі кеңістігі жағынан айырмашылығы бар.

Алдымен, Jetour Dashing – көбіне қалаға және жастарға арналған стильді кроссовер. Оның дизайны спорттық, көлемі салыстырмалы түрде ықшам және салоны тек бес орындық. Сондықтан ол негізінен жеке қолдануға немесе шағын отбасыға ыңғайлы.

Ал Jetour X70 Plus – отбасылық көлік. Ол Dashing-ке қарағанда үлкенірек және бес немесе жеті орындық нұсқада ұсынылады. Жүк салатын орны да кең. Сондықтан ұзақ сапарға немесе отбасыға қолайлы.

Ал Jetour X90 Plus – осы үш модельдің ішіндегі ең үлкені әрі кеңі. Бұл толыққанды жеті орындық үлкен кроссовер болып саналады. Оның салоны кең, жабдықталуы байлау және көбіне үлкен отбасыға немесе ұзақ сапарға арналған.

Қысқаша айтқанда, Dashing – шағын әрі стильді қалалық кроссовер, X70 Plus – орташа көлемдегі отбасылық нұсқа, ал X90 Plus – ең үлкен және кең кроссовер.

Айта кететін жайт, Changan мен Jetour автонарықта алға шығып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз