Роман Скляр ERG директорлар кеңесінің құрамына енді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Роман Скляр жаңа қызметке тағайындалды / Фото: Асқар Ахметулин, бильд-редактор Ахтам Зиперов

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр стратегиялық маңызы бар алпауыт компания – Eurasian Resources Group S.a.r.l. (ERG) директорлар кеңесінің құрамына енді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысына осындай өзгеріс енгізілген.

Аталған құжатқа сәйкес, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен ҚР Қаржы министрі Мәди Такиевке Люксембургте орналасқан «Eurasian Resources Group S.a.r.l.» компаниясының Директорлар кеңесіне мүше болуға рұқсат берілді. Осы шешім арқылы Роман Скляр Директорлар кеңесіндегі Серік Жұманғариннің орнын басты.

Қаулы қол қойылған күннен бастап заңды күшіне енді.

ERG – әлемдік нарықта феррохром мен кобальт өндірісі бойынша көш бастап тұрған, сондай-ақ мыс жеткізу ісінде де салмақты үлесі бар трансұлттық корпорация.

Қазақстан Республикасының Үкіметі компания акцияларының 40 пайызына иелік етеді. Миллиардер Ибрагимовтар отбасына 20,7 пайыз акциясы тиесілі болса, марқұм Александр Машкевичтің мұрагерлері де сондай үлесті иеледі. Ал 18,6%-ы Патох Шодиевтің меншігінде.

Бұған дейін шетелдік БАҚ қазақстандық кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліп Машкевич пен Шодиевке тиесілі үлесті сатып алуға ниетті екенін жазған. Алайда компанияның өзі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Сондай-ақ оқыңыз