«Байер» – «Арсенал»: Чемпиондар лигасының тікелей трансляциясы

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
коллаж: kursiv.media

11 наурыз күні Германияның Леверкузен қаласында УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында немістің Байер 04 Леверкузен өз алаңында ағылшынның Арсенал командасын қабылдайды.

Матчтың тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 22:45-те басталады. Ойынды Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Айта кетейік, «Арсенал» жалпы кезеңде керемет нәтиже көрсетті. Лондондық ұжым сегіз матчтың барлығында жеңіске жетіп, бірден 1/8 финалға жолдама алды. Ал «Байер» бұл кезеңге шығу үшін плей-офф сатысында ойнады. 1/16 финалда неміс клубы грек ұжымы Олимпиакос командасымен кездесіп, екі ойынның қорытындысы бойынша 2:0 есебімен жеңіске жетті.

«Арсенал» мен «Байер» соңғы рет 2002 жылдың 28 ақпанында Чемпиондар лигасының екінші топтық кезеңінде кездескен. Ол матчта лондондық клуб 4:1 есебімен басым түскен болатын.

Еске сала кетейік, «Арсенал» Чемпиондар лигасындағы соңғы ойынын алматылық «Қайратқа» қарсы өткізген еді.

Сондай-ақ оқыңыз