Ираннан Қазақстанға қышқыл жаңбыр қаупі төне ме: министр жауап берді

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
11 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауады / фото: shutterstock
Фото: shutterstock

Ирандағы мұнай нысандарына жасалған соққылардан кейін әлеуметтік желілерде «қара түтін аралас бұлттар Қазақстанға жетіп, қышқыл жаңбыр жауады» деген ақпарат тарады. Осы жайтқа қатысты Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев жауап берді.

Мәжіліс кулуарында журналистердің сауалына жауап берген министр мұндай қауіп жоқ екенін мәлімдеді.

«Қышқыл жаңбыр деп жүргені – күкірт оксиді мен азот қосындылары. Бұл заттар белгілі бір арақашықтықтан кейін атмосферада тарап кетеді. Өзбекстандағы әріптестеріміз де растағандай, Орталық Азия аумағына қышқыл жаңбыр жауады деген қауіптің негізі жоқ», – деді Нысанбаев.

Министрдің айтуынша, Қазгидромет болжамы да бұл қауіптің негізсіз екенін көрсетіп отыр. Алдағы күндері жел оңтүстік-батыс бағытта соғады.

Айта кетейік, Kursiv Media Ирандағы соңғы жаңалықтарға шолу жасап шықты.

Сондай-ақ оқыңыз