Ақымақ болып көрінуден қорықпаймын – прокурор Айжан Аймағанова

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Айжан Аймағанова әйелдерге кеңес берді/фото: kursiv.media

Астанада прокурор Айжан Аймағанова әйелдердің сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ ажырасу, алимент, мүлікті бөлуге қатысты ақпарат берді.

Аймағанова қандай да бір құжатқа қол қоятын кезде бәрін жақсылап оқып, түсініксіз жерін нақтылауға кеңес берді.

«Түсініксіз тұсын нақтылап сұраймын. Ақымақ болып көрінуден қорықпаймын. Егер түсінбей тұрсам, этиканы ойлап, ақымақ болып көрінуден қысылып, неге оны сұрамауым керек? Ертеңгі күні дәл сол құжат маған кесірін тигізуі мүмкін. Сол себепты ылғи ақымақ болып көрінуден қорықпай, нақтылап сұрау қажет екенін айтамын», – дейді Айжан Аймағанова.

Одан бөлек кездесу барысында прокурор тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдерге дәлелдерді сақтауға кеңес берді.

Аймағанованың айтуынша, заңды түрде ажыраспаған, бірақ бірге тұрмайтын ерлі-зайыптылар да алимент өндіре алады. Бұл жағдайда ортақ бала үш жасқа толмаған болуы керек.

Сондай-ақ оқыңыз