Астанада қатты желдің салдарынан тұрғын үйдің қасбеті құлады

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
жедел жәрдем
Астанада қатты желдің салдарынан тұрғын үйдің қасбеті құлады / Фото: Shuttertsock

Қатты жел Астанадағы Жеңіс даңғылында орналасқан «Айка» тұрғын үй кешенінің қасбетін зақымдады. Зардап шеккендер жоқ.

Әкімдіктің мәліметінше, оқиға 11 наурызда сағат 17:00 шамасында болған. Желдің екпіні салдарынан Сарыарқа ауданындағы 2015 жылы салынған үйдің қасбетінен жылытқыш қабаты ажырап кеткен. Зардап шеккендер жоқ.

«Қазіргі уақытта ТҮК-нің басқарушы компаниясы шығын көлемін есептеп, қасбетті қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін өндірістік альпинисті жалдау мәселесін қарастырып жатыр», – деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкімдік «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына сәйкес, кондоминиумның ортақ мүлкін, соның ішінде қасбеттерді күтіп ұстау ауыртпалығын пәтер иелері көтеруге тиіс екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың күзінде Астанада тұрғын үй кешендерінің бірінің қаптамасы құлауы салдарынан бес адам зардап шеккен болатын. Олардың арасында 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуан алған жарақаттарының өмірмен үйлеспеуіне байланысты ауруханада қайтыс болды.

Сондай-ақ оқыңыз