Астанада бірінші ауысым оқушылары тағы да онлайн оқиды
Жарияланды

Астанада бірінші ауысымның барлық мектеп оқушылары мен колледждердің кейбір студенттері қашықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлады елордалық білім басқармасы.
«Ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюіне) байланысты 12 наурызда бірінші ауысымдағы 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің (9-сынып негізіндегі) 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауысады», – делінген хабарламада.
«Қазгидрометтің» мәліметінше, 12 наурызда Астанада күн бұлтты болады, қар жауып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с дейін жетеді деп күтілуде. Ауа температурасы түнде -15…-17°C, күндіз -3…-5°C болады.
Бұған дейін Астанада қатты желдің салдарынан Жеңіс даңғылындағы «Айка» тұрғын үй кешенінің қасбеті құлағаны жазған едік.