Астанада Болашақ ойындары өтетін күн белгілі болды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Болашақ ойындары өтетін күн белгілі болды/фото: Ақорда

Астанада Болашақ ойындары өтетін күн жарияланды. Phygital Games of the Future ақпаратына сәйкес, халықаралық іс-шара 2026 жылдың 29 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өтеді.

Phygital Games of the Future сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, іс-шара Барыс арена, «Алау», мұз айдыны, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, Beeline Arena теннис орталығы ғимаратында өтеді.

Бұған дейін 13, 14 және 15 наурызда Астанада RIVALS ұлттық іріктеу жарысы өтетіні айтылды.

Барлық өңір мен қалалардың үздік командалары Contenders 2026 халықаралық іріктеу жарыстарында Қазақстанды таныстыру мүмкіндігі үшін Астанада кездеседі. Дәл сол жерде Rivals ұлттық кезеңінің жеңімпаздары басты аренаға – Games of the Future 2026-ға шығу үшін басқа елдердің командаларымен жарысады.

2025 жылдың маусымында Астана 2026 жылғы Болашақ ойындарының ресми астанасы болып жарияланды. Бұл туралы Дубайда өткен World Phygital Summit 2025 халықаралық саммитінде Қазақстанда Болашақ ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі ресми оператор – «Казспортинвест» АҚ басшысы Әлібек Хасенов мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз