Теміртауда заңсыз криптоферма құрғандар мемлекетке 185 млн теңгені қайтарды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
криптоферма
фото: shutterstock

Қарағанды облысында Теміртау қаласында заңсыз криптоферма ұйымдастырғандар анықталды. Олар төрт жыл бойы тиісті лицензиясыз жасырын криптоферма жұмысын жүргізіп отырған деп хабарлайды Қаржы мониторинг агенттігі.

Сотталушылар Ресей Федерациясынан 156 бірлік майнинг жабдығын сатып алып, оны өз өндірістік базасына орналастырған.

Айыпталушы Э.Г. Толовов өндірген криптовалюталарын «BinancePool» және «Litecoinpool.org» платформалары арқылы жинап, кейін оларды арнайы криптобиржадағы жеке шотында сақтаған. Сауда-саттық P2P (қолма-қол тікелей аударым) жүйесі арқылы жүргізіліп, USDT (стейблкоин) теңгеге айырбасталған.

Жалпы көлемі 11,2 BTC (биткоин) және 90,2 LTC (лайткоин) болатын активтердің құны шамамен 185 миллион теңгені құрайды.

Сот үкімімен бір жылға сотталып, барлық майнинг жабдығы конфискацияланды. Қылмыстық жолмен алынған 185 млн теңге қайтарылды.

Былтыр Астанада заңсыз майнингпен айналысқандардан миллиард теңгеге жуық мүлік тәркіленді. Олар екі жыл бойы қозғалтқыштарды өңдеу орталығы ретінде жасырын қызмет етіп келген. Қаржы мониторинг дерегінше, заңсыз майнинг фермалар көбінде Астанада орналасқан.

Сондай-ақ оқыңыз