Ақтау және Атырауда қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: kursiv.media, Асқар Ахметуллин

15 наурызда өтетін республикалық референдум күні Ақтау және Атырауда қоғамдық көліктер тегін қатынайды. Яғни, тұрғындар мен қала қонақтары автобус қызметін бір күн бойы ақысыз пайдалана алады.

Атырау қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл бастама тұрғындардың сайлау учаскелеріне еш кедергісіз жетуіне және қала ішінде еркін қозғалуына мүмкіндік беру мақсатында жасалған. Сол күні автобустар әдеттегі кесте бойынша жүретін болады.

Сондай-ақ, 22 наурызда да қоғамдық көлікпен жүру тегін болады. Бұл күні де автобустар бекітілген кесте бойынша қозғалады.

Ал Ақтау тұрғындары екі күн қатарынан, яғни 14-15 наурыз да автобустарға тегін міне алады. Азаматтар Бейнеу, Түпқараған, Қарақиян, Мұнайлы және Маңғыстау аудандарының ішкі аудандарында, сондай-ақ Ақтау мен Жаңаөзен қалаларының қалалық маршруттарында тегін жүре алады.

Еске салайық, 15 наурызда Алматы мен Астанада да қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады. 

Сондай-ақ оқыңыз