Астанада LRT билетінің бағасы белгілі болды

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

Жеңіл рельсті көліктің (LRT) қызметі жайлы мәліметтер Ашық НҚА порталында жарияланды.

Әкімдіктің мәліметінше, ашық НҚА порталында Астана қаласының әкімдігі әзірлеген «қаладағы жеңіл рельстік көлікпен (LRT) жолаушылар мен жүкті тасымалдау тарифі туралы» жобасы жарияланған.

«Жобаға сәйкес, жеңіл рельстік көлік желісінде бір сапарға билет құны 200 теңге деп белгіленген. Төлем қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жүргізіледі», – деп хабарлайды әкімдік.

Астана қалалық мәслихатының шешімі бойынша, Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын жекелеген санаттағы азаматтар қоғамдық көліктегі төлемнен босатылған.

Бұған дейін LRT-ге бухгалтерлер мен кассирлер іздеп жатқаны хабарланды. Әкімдік мәліметінше, қазір Астанадағы LRT жүйесі сынақтан өтіп жатыр.

2025 жылы Астана қаласында салынып жатқан Light Rail Transit (LRT), яғни жеңіл рельс көлік жүйесінің құрылысына барлығы 332,4 млрд теңге жұмсалған.

Сондай-ақ оқыңыз