Halyk Bank-тен дивиденд күтеміз бе

Жарияланды
фото: gemini generated

Halyk Bank (HSBK) 2026 жылғы 23 сәуірде акционерлердің жалпы жылдық жиналысы сырттай дауыс беру нысанында өтетінін хабарлады. Жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізілімі 2026 жылғы 23 наурызда бекітіледі. Осы жылдық жиналыста дивиденд төлеу мәселесі анықталады

Күн тәртібіндегі басты мәселелер:

Директорлар кеңесінің құрамын, өкілеттік мерзімін анықтау және оның мүшелерін сайлау.

2025 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілікті бекіту.

2025 жылғы таза пайданы бөлу және дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау.

Еске сала кетейік, былтыр 2024 жыл үшін бір дана акцияға 29,64 теңге дивиденд төленген. KASE мәліметі бойынша, Халық банкінің қарапайым акцияларының 61,99%-ына «АЛМЭКС» холдинг тобы иелік етеді. Холдинг Тимур мен Динара Құлыбаевтарға тиесілі.

Сондай-ақ оқыңыз