Renault жол талғамайтын шағын Bridger кроссоверін таныстырды

Француздық автоөндіруші Renault Bridger кроссоверін таныстырды. Компания бұл көлік шағын болса да нағыз жол талғамайтын модель болады деп есептейді және танымал Suzuki Jimny-ге тікелей бәсекелес болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта Bridger тек концепт ретінде бар, алайда сериялық нұсқасы әзірленіп жатыр.
Нарыққа қашан шығады
«Өндірушінің жоспары бойынша, көлік нарыққа 2027 жылдың соңына дейін шығады. Алғашқы нарық – Үндістан, кейін бұл модель Африка мен Таяу Шығыс елдеріне жеткізілуі мүмкін», – деп жазды Carscoops.

Ерекшке дизайны мен оптикасы
Концепттің сыртқы стилі бірден көзге түседі. Bridger төртбұрышты стильде жасалған, қысқа картерлік бөліктер мен дөңгелек аркаларын қоршайтын көлемді пластик қаптамалары бар.
Renault Bridger ұзындығы төрт метрден аз, ал жерден биіктігі – 200 миллиметр болады. Сонымен қатар көлік 18 дюймдік дөңгелек дискілермен жабдықталады.
Компанияның мәлімдеуінше, шағын габариттерге қарамастан, көліктің салоны кең болады. Артқы орындық пен алдыңғы кресло арасындағы қашықтық 200 миллиметрге жетеді деп күтілуде, бұл сегменттегі рекорд болып есептеледі. Ал жүк салғыштың көлемі 400 литрге жетеді.

Көлік RGMP small атты жаңа модульдік платформада құрастырылады. Бұл платформа бензин, гибрид және толық электр қозғалтқыштарын орнатуға мүмкіндік береді.
Алдын ала мәліметтер бойынша, кейбір қозғалтқыштар жаңа модельде Renault Duster кроссоверімен бірдей болуы мүмкін.
Жыл басында Renault компаниясы Үндістан нарығына арналған жаңа Duster кроссоверінің тизерін ресми түрде жариялаған еді. Көлік 2026 жылдың 26 қаңтарында таныстырылады. Франциялық бренд бұл жолы заманауи дизайн мен жергілікті тұтынушылар талғамына сай бейімдеуге басымдық берген.