«Көктемді бізге жіберіңіздер»: Польша елшісі қызылордалықтарға өтініш жолдады
Жарияланды

Қазақстандағы Польша Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Михал Лабенда қызылордалықтардан «көктемді Астанаға қайтаруды» өтінді.
Қысқа видеода дипломат жуырда Қызылордаға барып келгенін, ол жақта көктемнің қыза түскенін айтып, әзіл араластырды.
«Менің Қызылорда халқына өтінішім бар. Мен Қызылордада болдым. Көктем сіздерге келгенін көрдім. Көктем келіп, тойлап жатқандарыңызды білемін. Ал Қызылорданың тойы – барсакелмес екенін де жақсы білемін. Қойдың басын бердіңіздер, палау бердіңіздер, салат, ет бердіңіздер… Көктемде бізде де жұмыс бар. Көктемді бізге жіберіңіздер», – деп әзілмен жазба жариялады елші.
Желі қолданушылары елшінің әзілін жоғары бағалап, оның қазақ тілінде еркін сөйлейтініне тәнті болғандарын жазды.