Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағы жөндеуге байланысты ішінара жабылады

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
аэропорт Астаны
Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағы жөндеуге байланысты ішінара жабылады / Фото: Серікжан Қобыланбаев

Астана халықаралық әуежайы ұшу-қону жолағындағы жоспарлы жөндеу жұмыстары туралы хабарлады. Олар 2026 жылы 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында өтеді.

Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, жұмыстар аэродром инфрақұрылымын қолдаудың кезең-кезеңімен іске асырылатын бағдарламасы аясында жүргізіледі және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

«Аэродром — бұл күн сайын жоғары жүктемені бастан кешіретін күрделі инженерлік нысан: әуе кемелерінің ұшуы мен қонуы, ауыр техниканың әсері, сондай-ақ температураның күрт өзгеруі мен климаттық жағдайлар. Айта кету керек, жөндеу жұмыстары жылдан-жылға бір-бірін қайталамайды. Мәселен, 2025 жылы перрон мен рульдік жолдар жаңартылды. Ал 2026 жылы жөндеу аэродромның басқа элементтерін, соның ішінде ұшу-қону жолағының жекелеген учаскелері мен жасанды жабындарды қамтиды», – деп нақтылады баспасөз қызметіндегілер.

Жұмыс уақытындағы шектеулер

Жөндеу кезеңінде ұшу-қону жолағы күн сайын жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жабық болады. Қалған уақытта әуежай штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Осы аралыққа сәйкес келген барлық халықаралық және ішкі рейстер алдын ала ертерек немесе кешірек уақытқа ауыстырылды. Өзгерістер әуе компанияларымен және уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілген.

Жолаушыларға рейстердің өзекті кестесін әуе компанияларынан алдын ала нақтылау ұсынылады.

Сондай-ақ оқыңыз