2025 жылы ең көп жаңа автокөлік қай елде сатылды

Автокөлік саласының маманы Фелипе Муньос 2025 жылы ең көп жаңа көлік сатылған елдерді атады. Көшбасында Қытай, АҚШ және Үндістан тұр.
Ал топ-10 елдің ішінде тек екі елдің көлік сатылымы өткен жылға қарағанда төмендеген.
2025 жылғы ең ірі автокөлік нарықтары (сатылым саны, млн):
- Қытай – 27,3 (+6,7% 2024 жылмен салыстырғанда)
- АҚШ – шамамен 16,3 (+2,2%)
- Үндістан – шамамен 5,1 (+9,6%)
- Жапония – шамамен 4,6 (+3,3%)
- Германия – шамамен 3,2 (+0,6%)
- Бразилия – шамамен 2,6 (+2,9%)
- Ұлыбритания – 2,3 (+1,4%)
- Франция – шамамен 2,0 (-5,1%)
- Канада – шамамен 1,9 (+2,3%)
- Италия – 1,7 (-2,4%)
Рейтингте Түркия 13-орында, ал Ресей 15-орында, олардың сатылымы 1,3 миллионнан асты. Ал Өзбекстан бір саты жоғарылап, 28-орынға көтерілді, сатылған көліктер саны – 427 097. Қазақстан керісінше, 39-орыннан 40-орынға төмендеп, 234 852 көлік сатылды.
Қазақстандағы автокөлік нарығы рекордтық көрсеткішке жетті
Қазақстан автокөлік одағының мәліметінше, отандық көлік нарығы екінші жыл қатарынан тарихи рекордқа жетіп, 200 мыңнан көп сатылған. Қазіргі таңда елде ресми түрде 75-тен астам бренд ұсынылған. Олардың ішінде ең ірі 10 бренд сатылымның 80%-ын қамтамасыз етеді.
Ал 2026 жылы Қазақстанда шығатын көліктер саны 200 мыңнан асуы мүмкін.