Алматылықтар үшін демалыс күндері арнайы жәрмеңкелер ұйымдастырылады

Алматыда 14–15 наурыз күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Қазақстанның бес өңірінен келген шаруалар өз өнімдерін ұсынады. Бұл туралы қаланың Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы хабарлады.
Жәрмеңке Алатау дәстүрлі өнер театры алдында, Алатау ауданындағы Нұркент ықшамауданы, 6-үй мекенжайында ұйымдастырылады. Мұнда Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы өндірушілері өз өнімдерін ұсынады.
Қала тұрғындары мен қонақтары ет және сүт өнімдерін, көкөніс пен жеміс-жидекті, бакалея тауарларын және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей өндірушілерден тиімді бағамен сатып ала алады.
15 наурызда қосымша жәрмеңке алаңдары ашылады
15 наурыз күні қосымша жәрмеңке алаңдары сайлау учаскелерінің жанында, Алмалы ауданы мен Әуезов ауданы аумақтарында жұмыс істейді.
Алмалы ауданындағы жәрмеңке орындары:
- №62 мектеп маңы, №167 мектеп жанында;
- Дүйсенов және Прокофьев көшелерінің қиылысы (№34 мектеп пен жаяу жүргіншілер аймағы);
- «Кіші Ганди» сквері (№18 мектеп, «Принт Медиа» колледжі, №67 мектеп);
- Целинный кинотеатры маңы (АЛТ колледжі, АЛТ университеті, №36 мектеп);
- Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Панфилов жаяу жүргіншілер аймағы, Алмалы метро станциясы, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры маңы;
- №54 мектеп маңы, Арбат жаяу жүргіншілер аймағы, «КазНИПИЭнергопром» институты;
- Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры алдындағы алаң (№90 және №147 мектептер);
- №15 мектеп маңы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті.
Әуезов ауданындағы жәрмеңке орындары:
- Төле би көшесі, 303 — Дінмұхамед Қонаев атындағы колледж;
- Тастақ-1 ықшамауданы, 1в үй — Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі;
- 1-ықшамаудан, 76А үй — №97 мектеп-гимназия;
- Жандосов көшесі, 51 — Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты;
- Таугүл ықшамауданы, 34 үй — Нархоз университеті жатақханасы.
Іс-шараның басты мақсаты — қала тұрғындарын сапалы әрі бағасы тиімді ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету, отандық фермерлерді қолдау және негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру.
2026 жылдың басынан бері Алматыда 100-ден астам жәрмеңке ұйымдастырылды. Оларға Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Қарасай, Іле, Талғар және Жамбыл аудандарынан 315-тен астам фермер мен тауар өндіруші қатысты. Жәрмеңкелерде 1000-нан астам азық-түлік өнімі ұсынылды.
Жалпы, жыл басынан бері «демалыс күнгі жәрмеңкелерді» шамамен 5 мың тонна азық-түлік өнімі, соның ішінде әлеуметтік маңызы бар тауарлар сатылды. Аптасына орта есеппен 500 тоннаға дейін өнім өткізіледі.