Елдегі 229 жол учаскесіне су тасқыны қаупі төніп тұр

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: shutterstock, бильд-редактор: Артур Алескеров

Елдегі 229 жол учаскесін қар суы шайып кетуі мүмкін. Олардың жалпы ұзындығы шамамен 160 шақырымды құрайды. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.

Министрлік аталған жол учаскелердегі жағдайды күнделікті бақылап отырғанын мәлімдеді.

Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне көлік инфрақұрылымын дайындау мәселелері бойынша кезекті жедел кеңесін өткізді. Жиында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында және теміржол жолдарында көктемгі су тасқыны кезінде қауіпсіз және үздіксіз қозғалысты қамтамасыз ету шаралары талқыланған.

Министрліктің дерегінше, су тасқыны қауіпті учаскелерде 2252 техника бірлігі бекітілген, олар бақылау жүргізу және шұғыл әрекет ету үшін қолданылатын болады.

Алдын алу шараларын қабылдау мақсатында дайындалған инертті материалдар:

  • 40 мың м³ қиыршық тас,
  • 16 мың м³ құм,
  • 5 мың м³ қоқыс тас (щебень),
  • 23 мың м³ құм-қоқыс қоспасы,
  • 280 мың қап.

Сонымен қатар, су тасқыны сударының еркін өтуін қамтамасыз ету үшін су өткізгіш құбырлар тазаланып жатыр.

Министрлік хабарлағандай, 2025 жылы су тасқыны қауіпті учаскелерге 582 жаңа су өткізгіш құбыр орнатылған, ал 2026 жылы тағы 467 осындай құрылым салынбақ.

Ведомство мәліметінше, оңтүстік, батыс және шығыс аймақтарда 2350 көпір, 4426 су өткізгіш құбыр, 1215 км арық және 336,8 км тау каналы толық тазаланған, бұл жоспарланған көлемнің 100%-ын құрайды. Солтүстік аймақтарда тазалау жұмыстары кестеге сәйкес жалғасуда.

Айта кетейік, Қазақстанда бес өңірге су тасқыны қаупі төніп тұр. Олар: Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Абай, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстары.

Сондай-ақ оқыңыз