Алғаш дауыс бергендер: Әшімбаев, Сүлейменова, форма киген Қосанов

Референдумда министрлер, депутаттар мен әкімдер де дауыс беріп жатыр. Өз учаскелерінде цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов таңдауын жасады.
Таңертең ерте дауыс бергендер қатарында Сенат спикері Мәулен Әшімбаев та бар. Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов та референдумға қатысты. Ол өз учаскесіне әскери формасымен келіп, дауыс берді.
Журналистер Әшімбаевқа вице-президенттік, ол лауазымға қаншалықты лайықты екені туралы сұрақ қойды.
«Кез келген сұраққа байыпты әрі жауапкершілікпен жауап беру қажет, өйткені заң талаптары бар. Біз оларды бұзуға ешқандай құқығымыз жоқ. Сондықтан егер халқымыз Конституцияны қолдап, тиісті шешім қабылданса, Конституцияға қатысты шешімдер белгіленген тәртіппен қабылданады. Егер халық Конституцияны қолдаса, ол 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Бұл сұрақтарға мен референдумнан кейін жауап бере аламын. Қазір айтқан сөздерім қолданыстағы заңнамаға қайшы келуі мүмкін. Сондықтан мұндай сұрақтарға референдумнан кейін жауап береміз», – деді Сенат төрағасы.
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова да алғашқылардың қатарында болып дауыс берді.

Осыған дейін премьер-министр Олжас Бектенов, мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің де дауыс берген.
Бүгін қазақстандықтар референдумда конституциялық реформаны қолдай ма, әлде қолдамай ма деген сұраққа жауап береді.
Kursiv Media саяси науқаннан мәтіндік трансляция жүргізіп отырады, толығырақ мына жерден көре аласыз.