АҚШ Иранды толық талқандады – Трамп

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Трамп пообещал, что война закончится, когда у Ирана не останется лидеров
Фото: kursiv.media мұрағаты

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон Иранды әскери ғана емес, экономикалық тұрғыдан да толық жеңді деп мәлімдеді.

Бұл жөнінде ол Truth Social парақшасында жазды.

«АҚШ Иранды жеңіп, оны әскери, экономикалық және басқа да барлық салаларда толық талқандады. Алайда Ормуз бұғазы арқылы мұнай алатын әлем елдері бұл өткелдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Біз оларға көмектесеміз – әрі үлкен көмек көрсетеміз», – деді ол.

Трамптың айтуынша, Вашингтон Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалдайтын мемлекеттермен тығыз байланыста жұмыс істейді. Бұл шаралардың бәрі «жылдам, үйлесімді әрі тиімді» жүзеге асуы үшін үйлестірілетінін атап өтті.

Оның алдында Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи «бауырлас елдерді АҚШ сияқты агрессорды елден қууға шақырған» еді. Оның сөзінше, Ормуз бұғазынан жау кемелерінен басқа танкерлер өте береді.

Таяу Шығыстағы шиеленіс

Еске салсақ, 2026 жылдың 28 ақпанында Израиль мен АҚШ Иранға соққы жасады.  Сол күні Иран Израильдегі және араб елдеріндегі АҚШ әскери базаларына және басқа да нысандарға қарсы шабуыл басталды.

1 наурызда Иранды 37 жыл басқарған Аятолла Әли Хаменеи қайтыс болды

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы – Моджтаба Хаменеи әкесі қайтыс болғаннан кейін ел азаматтарына алғаш рет үндеу жасады.

Жақында Иранның Қазақстандағы елшісі еліндегі жағдайды баян етіп, журналистерге сұхбат берді.

Ирандағы жағдай бойынша соңғы оқиғаларға шолуды осы жерден оқи аласыз.

Айта кетейік, Сыртқы істер министрлігі соғыс болып жатқан Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтарды эвакуациялауды аяқтады. Жалпы алғанда Қазақстанға 10 275 азамат қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыз