Бас прокуратура Тыныштық күні заң бұзғандар туралы мәлімдеді

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: Kursiv Media

Тыныштық күні, 14 наурызда, бірнеше заң бұзғандар тіркелді. Бұл туралы бүгін Бас прокуратурадан хабарлады.

Ведомство мәлімдеуінше, қоғамдық пікірді анықтау үшін заңсыз сауалнама жүргізген екі дерек және дәл сондай агитация жүргізген екі дерек тіркелген. Құқық бұзғандарға айыппұл салынды.

Жалпы республика бойынша 10 402  учаске ашылған.

ОСК-ның соңғы дерегі бойынша, дауыс беруден Қарағанды, Қызылорда облыстары көш бастап тұр. Ал Алматы қаласында ең төмен көрсеткіш тіркелген.

Бас прокуратура дерегінше, дауыс беру тыныш, бір қалыпты өтіп жатыр. Заң бұзушылықтар болмаған.

Дегенмен БАҚ өкілдері сайлау учаскесінен хабар таратуға барған бірнеше тілшінің ұсталғанын жазды. Астана қаласының Алмалы аудандық полициясы Азаттық тілшісі Жолдас Өрісбайдың ұсталғанын растады. Бірақ оған не себеп болғаны белгісіз. Кей тілшілердің жазуынша, Информбюро журналисі де ұсталған.

Толықтыру: ұзамай екі журналистті де босатқан.

Сондай-ақ оқыңыз