Алматы облысында тұрғындар денсаулығын тегін тексертіп жатыр

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Бұл күні 95 адам қатысып, міндетті медициналық тексеруден кейін олардың 60-ы қан тапсыруға жіберілді / фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Референдум күні Алматы облысының Іле ауданындағы бірқатар сайлау учаскелерінде тұрғындарға тегін медициналық тексеруден өту мүмкіндігі ұсынылды. Ол үшін арнайы жабдықталған жылжымалы медициналық автобус жұмыс істеп жатыр.

Мамандардың айтуынша, мұндай бастамалар тұрғындар арасында денсаулық мәдениетін қалыптастыруға және аурулардың алдын алуға көмектеседі.

«Бүгін еліміз үшін маңызды күн. Мен де өз дауысымды бердім. Референдум аясында денсаулығымызды тексертіп, пайдалы кеңестер алдық. Мұндай шаралар халыққа өте қажет», – деген жергілікті тұрғын.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан бойынша жаңа Ата заң жобасына дауыс беруге арналған референдум басталды. Ел бойынша 10 388 учаске ашылды. Республикалық референдумға 12,4 миллион қазақстандық қатысуға құқылы.

Kursiv Media референдумнан мәтіндік трансляция жүргізіп отыр, саяси науқан қалай өтіп жатқанын мына жерден көре аласыздар. 

Сондай-ақ оқыңыз