Референдумға 9 миллионнан астам азамат қатысты – ОРК

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Референдумда дауыс беру аяқталды/фото: Серикжан Ковланбаев

Орталық референдум комиссиясы елдегі референдум учаскелері жабылғанын мәлімдеді. Сағат 20:00-дегі жағдай бойынша республиканың 9 126 850 азаматы референдум бюллетенін алған.

Өңірлерде азаматтардың келуі мынадай:

  • Абай облысы – 75,45%
  • Ақмола облысы – 79,82%
  • Ақтөбе облысы – 87,05%
  • Алматы облысы – 71,46%
  • Атырау облысы – 74,04%
  • Батыс Қазақстан облысы – 68,94%
  • Жамбыл облысы – 85,06%
  • Жетісу облысы – 78,49%
  • Қарағанды облысы – 84,30%
  • Қостанай облысы – 81,21%
  • Қызылорда облысы – 93,04%
  • Маңғыстау облысы – 77,89%
  • Павлодар облысы – 75,51%
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 70,52%
  • Түркістан облысы – 84,03%
  • Ұлытау облысы – 73,15%
  • Шығыс Қазақстан облысы – 86,42%
  • Астана қаласы – 60,36%
  • Алматы қаласы – 33,42%
  • Шымкент қаласы – 75,82%.

Осылайша сағат 20:00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың 73,24 пайызы дауыс берген.

Референдумның алдын ала қорытындысы жарияланатын уақыт қосымша хабарланады.

Сағат 19:00-дегі жағдай бойынша шетелде жүрген 9 050 қазақстандық референдумда дауыс берген.

Сағат 00:00-ге дейін шетелдегі 64 учаске жұмысын аяқтайды. Соңғы болып АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы референдум учаскесі 16 наурызда Астана уақытымен сағат 08:00-де жабылады.

Референдумның қорытындысын Орталық референдум комиссиясы арнайы отырыста шығарады. Одан кейін нәтижелер хаттама түрінде рәсімделіп, бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жарияланады.

Заң бойынша қорытындысы дауыс беру өткен күннен кейін 7 күннен кешіктірілмей, яғни 2026 жылдың 21 наурызына дейін жариялануға тиіс. 

Сондай-ақ оқыңыз