Тоқаев қазақстандықтарды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады
Жарияланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады.
Мемлекет басшысы exit poll нәтижесі жарияланғаннан кейін «Жаңа Конституциямыз құтты болсын!» деді.
Exit poll нәтижесі
Айта кетейік, Еуразиялық интеграция институты жүргізген exit poll нәтижесінде референдумда дауыс бергендердің 86,7%-ы жаңа Конституция жобасын қолдаған.
«СОЦИС-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институты өткізген exit-poll нәтижесінде дауыс бергендердің 87,4%-ы «Иә, қолдаймын» деген нұсқаны таңдаған.
«AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институты жүргізген exit-poll деректеріне сәйкес, жаңа Конституцияны 88,6% азамат қолдап дауыс берген.