Шетелдік учаскелер жұмысын енді аяқтады

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
сайлау выборы election
Фото: shutterstock

Шетелдегі сайлау учаскелер 16 наурыз таңғы сегізде ғана жұмысын енді аяқтады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Жалпы 54 елден 12740 Қазақстан азаматы дауыс берген. Бұл жалпы дауыс берушілердің 88,6%-ын құрайды. Ең соңғы болып АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы референдум учаскесі жабылды.

Учаскелер толық жабылып үлгермегеніне қарамастан түнде экзитпол нәтижелері жарияланды. Оған сәйкес,  референдумда дауыс бергендердің 86,7%-ы жаңа Конституция жобасын қолдаған.

Ресми нәтиже шығып үлгерместен Тоқаев қазақстандықтарды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады.

Сондай-ақ оқыңыз