«ҚазТрансОйл» 2025 жылы 46 млрд теңге таза пайда тапқан

Мұнай құбырыларының ұлттық операторы – «ҚазТрансОйл» компаниясы 2025 жылдың қорытындысы бойынша қаржы көрсеткіштерінің айтарлықтай өскенін жариялады. Компанияның есепті кезеңдегі шоғырландырылған таза пайдасы өткен жылмен салыстырғанда 7,4%-ға артып, 45,634 млрд теңгені (93,2 млн доллар) құрады.
Сонымен қатар кәсіпорынның шоғырландырылған түсімі 14,6%-ға өсіп, 357,478 млрд теңге деңгейіне жетті. Бөлек алғанда, компанияның жеке түсімі 299,4 млрд теңгені құрап, өткен жылғы көрсеткіштен 15,75%-ға асып түссе, шоғырландыруды есепке алмағандағы таза пайда 42,3%-ға өсіп, 56,6 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
«КазТрансОйл» жалпы ұзындығы 7 600 шақырымнан асатын магистральдық мұнай құбыры мен су құбырлары желісіне иелік етеді.
Компания елде өндірілетін мұнайдың шамамен 60%-ын экспортқа және ішкі нарыққа тасымалдайды. Мемлекет аталған құрылымды «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы арқылы басқарады.
Айта кетсек, 2012 жылдың соңында «КазТрансОйл» «Халықтық IPO» аясында өз акцияларының 10%-ға жуығын шамамен 200 млн долларға орналастырып, ішкі қор нарығына шыққан болатын.
2025 жыл соңында компания алдағы бес жылда мұнай тасымалдау құны екі есе қымбаттайтынын мәлімдеген.