Айгүл Иманбаева: Анам мені ризығымен дүниеге келген қыз дейді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Айгүл Иманбаева / фото: Instagram
Айгүл Иманбаева / фото: Instagram

Айгүл Иманбаева кеше туған күнін тойлады. Туған күн кешінде актриса анасының сөзін алып, сол күнгі оқиғаларды еске алды.

Анасының сөзінше, актриса туған күні отбасында оқыс оқиға болған.

«Мен туған күн – 15 наурыз. Қатты нөсер жауып тұрған күн. Біздің үйде жеті бірдей сиыр – жеті ірі қара мал бір түнде жоғалып кеткен екен. Соны менің анам: «Сен жеті ірі қара садақаңды беріп, өзіңнің ризық-несібеңмен, мол бақытыңмен дүниеге келген қызсың» деп әлі күнге дейін айтады», – деді әнші.

Сонымен қатар Айгүл Иманбаева туған күнінде өмірде ұстанатын басты қағидаларын бөлісті. Олар – өзіңмен гармонияда болу, өзіңді жоғалтып алмау, өзіңді сатпау, ішкі тыныштық.

Актриса туған күнін жақындарымен бірге керемет көңілді өткізді.

«Мені құттықтаған барша инста достарыма, қоңырау шалып, тілегін арнаған жандарға алғысым шексіз. Жылы сөздеріңіз үшін рахмет!», – деп жазды актриса.

Мұның алдында Айгүл Иманбаева ауызашар уақытында бір жұтым су үшін ұшақта бортсеріктермен сөзге келіп қалғанын айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз