Дубай әуежайында дрон жарылып, уақытша жабылды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Дубай халықаралық әуежай
фото: ашық дереккөзден

Халықаралық Дубай әуежайында дрон жарылып, барлық ұшулар уақытша тоқтатылды. Жолаушылар мен қызметкерлер қауіпсіздігі үшін әкімшілік осындай шешім қабылдаған деп жазады ВВС.

Биліктің мәліметінше, дрон жанармай багына дрон құлап, әуежай аумағында өрт шыққан. Төтенше оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Жолаушыларға өз рейстері туралы ақпарат алу үшін әуекомпаниялармен байланысу ұсынылды. Әуежайға баратын жолдардағы қозғалыс уақытша тоқтатылды. Кейбір рейстер Дубайдың екінші әуежайы, Әл-Мактум халықаралық әуежайына бағытталды.

АҚШ, Израиль -Иран арасындағы қақтығыс басталғалы бері Дубай Америка одақтасы ретінде көбірек зардап шекті. 11 наурызда Тегеран Дубай әуежайына соққы жасап, келесі кезек банктер деп ескерткен еді.

Жағдай тым шиеленісіп кеткеннен кейін, отандық Air Astana наурыз айының соңына дейін Дубайға ұшпайтын болып шешті.

Сондай-ақ оқыңыз