ҚТЖ наурыз мейрамында жаңа рейстерді іске қосады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

Наурыз мерекесінде «Шу – Тараз» бағытына қосымша электр пойыздар іске қосылады. Электр пойыз 21, 22, 23, 28, 29 және 30 наурыз күндері қатынайды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Мейрам күндері жолаушылар қарасы қалың болады, сол себепті қосымша пойыздарды іске қосу туралы шешім қабылданған.

Қозғалыс кестесі:

Шу станциясынан:
• жөнелту – 05:00
• Тараз станциясына келу – 08:41

Тараз станциясынан:
• жөнелту – 12:40
• Шу станциясына келу – 16:22

Электр пойызда жалпы 352 отыратын орын бар. Электр пойызының құрамы 2 және 3 класты 4 вагоннан тұрады.

Жол жүру құны:

• 2 класс – 3562 теңге
• 3 класс – 2946 теңге

Жолаушылар билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан немесе «Жолаушылар тасымалы» компаниясының кассаларынан комиссиясыз сатып алуға болады. Қосымша ақпаратты 1433 нөмірі арқылы алуға болады.

Айта кетейік, ҚТЖ Наурыз мейрамы күндері Қазақстанда қосымша электр пойыздары іске қосылып, кейбір пойыздарға қосымша вагондар тіркелетінін мәлім етті.

Мереке күндері келесі қосымша қала маңындағы пойыздар қатынайды:
• 20 және 21 наурыз – №7510 «Астана – Павлодар» электрпойызы;
• 25 наурыз – №7509 «Павлодар – Астана» электрпойызы;
• 25 наурыз – №6803/6804 «Астана – Атбасар» электрпойыздары;
• 25 наурыз – №887/888 «Нұрлы жол – Бурабай курорты» электрпойызы.

Сондай-ақ оқыңыз